Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу және ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастыру

Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу және ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастыру
  • Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Б.Нурумова, аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі Г.Смаилова Сарыөлең ауылындағы дәрігерлік амбулатория жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізіп, ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастырды.
  • Амбулатория 2015 пайдалануға берілген, барлық жағдай жасалған арнайы салынған ғимаратта орналасқан. Амбулатория меңгерушісі қызметінде 1991 жылы Семей медицина институтын жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша бітіріп келген тәжірибелі маман Г.Керуенова қызмет атқаруда. Штатқа сәйкес 3 медициналық қызметкерлер, 1 санитар жұмыс істейді. Күндізгі емдеу бөлмесінде 2 төсек бойынша емшара алуға жағдай жасалған.
  • Амбулатория ғимараты электр қазандығымен жылытылады, сумен қамтылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, ауыл тұрғындарының шағымы тіркелмеген. 2016 жылы пайдалануға берілген жедел жәрдем автокөлігі бар, бүгінгі күні дөңгелектерінің жарамсыздығынан жүрмей тұр. Аудандық орталық ауруханаға сұраныс берілген.
  • Диспансерлік есепте тұрған науқастар саны – 412, есепте тұрған балалар – 57. Тегін дәрі-дәрмектер уақытында таратылып берілуде. Бүгінгі күні 42 балаға короновирус инфекциясына қарсы екпе жасалған, түсіндіру, екпе жасау жұмыстары жалғастырылуда.
  • Кездесу барысында емшара алуға келген науқастан сұхбат алынып, бейнежазба түсірілді.