Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу алаңын ұйымдастыру

Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу алаңын ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен парасаттылық қағидатын қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отырысқа «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, ақсақалдар алқасының төрағасы Н.Қайыров, жастар ркһесурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ш.Алимбеков, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Б.Назарбаев, орталық мешіттің бас имамы Т.Соянұлы және Күршім ауылындағы мектеп ұстаздары қатысты.

Парасаттылықтың маңызды қыры ретінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, адалдық қағидаты туралы айтқан Б.Нурумованың пікірін, ислам дініндегі адамзат баласына қойылатын талаптар туралы баяндаған Тилейбек Соянұлы жалғастырды. Ардагер ағалар өз сөздерінде еңбек етуге құлшыныс, ар-ұждан тазалығы, келісті әдет, үлкен сана туралы айтып, жастарға сенім артты.

Кітапханашылармен «Парасаттылық – мінез жарастығы» тақырыбында шолу жасалып, слайд, бейнероликтер көрсетілді.