Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу жағдайына бақылау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу жағдайына бақылау

Ағымдағы жылдың 21 қазаны күні «Күршім - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісімен Құйған орта мектебіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу жағдайына бақылау жүргізілді.
Мектеп әкімшілігімен ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша ұжымда, ата-аналар арасында жоспарға сәйкес атқарылатын шаралар, құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біріңғай нөмерін (1424 Сall-орталығы), ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің кезекші бөлімінің 8 (7232) 29-88-88 нөмірін насихаттау, көрнекі орынға ілу, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 15.01.21ж. ҚР Парламентінің І сессиясындағы тапсырмаларына сәйкес Өзіне–өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс берілді.