Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы бойынша фермерлермен кеңес ұйымдастыру

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы бойынша фермерлермен кеңес ұйымдастыру

«Күршім - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісімен ағымдағы жылдың 21 қазаны күні аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы бойынша фермерлермен кеңес ұйымдастырылды.
Кеңеске кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы мен орынбасары, кәсіпкерлік палатасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Н.Потанина, бизнес жоспарлар, құжаттамалар рәсімдеу бойынша жұмыс істейтін кансалтингтік компания өкілі А.Тұнғатаров («Али» ЖК), аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары, жеке кәсіпкерлер қатысты.
Кәсіпкерлік палатасының директоры ауыл шаруашылығы саласын дамытуда несие, субсидия беру мәселелері бойынша түсіндіріп, палата арқылы көрсетілетін бизнес жоспар жасау, бухгалтерлік есеп жүргізу, даулы сұрақтардың шешілуі т.б. қызметтер бойынша бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау», «Еңбек» бағдарламалары, қайтарымсыз гранттар бойынша ақпараттарымен бөлісті. Несие алуға 2021 жылы 90 үміткердің 35-і 327 млн 600 мың тенгенің несиесін алған. 100 жоба бойынша игерілген гранттың 35-і жастарға берілген. Бүгінгі күні тағы 15 жобаға сұраныс жолданған.
Несие беруде кепілдік қоюды талап ету жағдайы түсіндірілді.
Азамат Ержанұлы «Қолдау» қоры арқылы 2-14 қараша күндері өткізілетін 5 млн-дық грантқа қатысу шарттарымен таныстырды. Жеке есепшотқа 500 мың теңге салып, жеке кәсіпкерлік ашу, бизнес жоспар жасау арқылы мемлекеттік қызметкер, зейнеткерлерге де мүмкіндік берілген бағдарламаға қатысуға шақырды.
Кәсіпкерлермен бүгінгі күні шешімін табуды қажет ететін мәселелер қатарында қымыз өндіру саласына субсидия беру, бруцеллез ауруынаың алдын алу шараларын жедел ұйымдастыру, каналдарды «КазВодХоз» ЖШС-нан алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу т.б. шаралар аталды.