Су қоймаларын балықтандыру жұмысына бақылау

Су қоймаларын балықтандыру жұмысына бақылау

Ағымдағы жылдың 21 қазаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Қарағызов, аудандық ішікі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы А.Карапетян «Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығы» ЖШС-да су қоймаларын балықтандыру жұмысына бақылау жүргізді.
Табиғат пайдаланушылары «Төретоғам», «Дигам», «Өркен» ЖШС, «Камышинское» ШҚ т.б. кәсіпорындардың «Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығы» ЖШС-нан сазан-карп, мөңке-сазан, белоамур т.б. балықтардың бір жылдық, екі жылдық шабақтарын сатып алып, су қоймаларына жіберуі ұйымдастырылды.
«Төретоғам» ЖШС-ның жылына 18000 т балық өнімдерін евростандарт үлгіде өңдеу, сату мүмкіндігі бар (бұл толық мүмкіндіктің 30 %) екенін ескерсек, ауланған балықтың орнын толтыру бойынша да атқарылыр жұмыстың да ауқымдылығын аңғарамыз.
ШҚМУ дың биология кафедрасының ғылыми биология факультетінде бакалавр, магистр дәрежесін алған, «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Алтай филиалы» ЖШС-ның директоры болған, бүгінгі күні «Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығы» ЖШС-ның басшысы С.Ануарбеков басқаратын мекемеде 14 адам жұмыс істейді. Орынбасары қызметіндегі М.Қанапиянов та ғылыми биология факультетінің түлегі.
«Бұқтырма шабақ өндіру және өсіру шаруашылығы» ЖШС-да жаңадан қойылған 12 ванна (2-уі карантиндік ванналар) Ресейдің Экатеринбург қаласынан, Амур аппараты Белградтан әкелінген. Бүгінгі күні ванналарға отырғызылған личинкалар саны 10 млн. Шаруашылықты дамыту жоспарына сәйкес отырғызылатын личинкалар санын 100 млн-ға дейін жеткізу көзделген, оған барлық мүмкіндіктер қолданылмақ. Мекемеде тек қолдан ұрықтандыру арқылы ғана алынып, арнайы тоғандарда ғана өсуге бейімделген Алтай карпының личинкалары да өсірілуде.