«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» тақырыбында аудандық кітапхана, жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті

«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» тақырыбында аудандық кітапхана, жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 19 қазаны күні аудандық кітапханада жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана мен сауаттылықты, мәдениетті арттыруға бағытталған кітапхана, жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа «Күршім Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мамандары, аудандық мұражай директоры, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Тақырыптық шарада аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, «Күршім Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумованың, жастар ресурстық орталығының маманы Ш.Алимбековтың сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмысқа итермелейтіні, адамдардың өмір сүру жағдайын төмендететіні туралы баяндамалары тыңдалды. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына талдау жасал,ды.
Тақырып мазмұнын ашу мақсатында әлеуметтік ролик көрсетілді.