Улы газдың қулығы!

Улы газдың қулығы!

Улы газ – қу улаушы. Ол қандағы гемоглобинді байланыстырып, адамның ағзасына байқатпай және өте тез әсерін тигізеді. Улы газбен улану салдары – бұл жүйке жүйесінің және тыныс алу ағзасының ауыр ауруларына әкеліп соқтырады. Зардап шеккенге өз уақытында көрсетілмеген көмек өлімнің себебі әбден болуы мүмкін.

Улы газбен улануды  болдырмау үшін, пеш жылуын пайдалану кезінде өте абай болыңыздар, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтаңыздар.

Жылу беру маусымы басталар алдында, әрбір үй иесі пешпен жылыту жүйесін тексеру қажет. Күйеден пеш және түтіндікті тазалау, қара түтін шығатын жарықтарды көру үшін әк немесе балшық қосындысымен ақтау және жөндеу қажет. Өйткені түтіндікте тарту нашар болған кезде және ауа берімегенде отынның химиялық толық жанбауы орын алады және оның салдарынан улы газ жиналады.

Егерде көмір немесе от толығымен сөнбесе пештің жапқышын жаппаңыз. Камин немесе пешті ұйықыға дейін 2 сағат бұрын жағу қажет.

Түтіндіктің суықтан қатуын және кептелуін болдырмау мақсатында түтіндікті қысқы уақытта айына кем дегенде міндетті түрде бір рет қарап отыру қажет. Үш айда бір реттен кем емес түтіндікті күйеден тазалайтын маманды шақыртып тазалату қажет.

Егер пеш немесе каминды дұрыс пайдаланып және жұмысқа жарамды күйінде ұстасаңыз отынның жануы кезінде шыққан улы газ қауіп төндірмейді.

Есте сақтаңыз! Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен қонақтары өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау, сіздерге улы газдың құрбаны болмауға және өмірге деген қауіп-қатерді  төмендетуге мүмкіндік береді.

Күршім ауданының ТЖБ