Қала - аудан аралық такси қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу (лицензия, белгі, фишкасының болуы, т.б.)    

Қала - аудан аралық такси қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу (лицензия, белгі, фишкасының болуы, т.б.)    

Ағымдағы жылдың 13 қазаны күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Қ.Нурумова, аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты И.Қизатов, кірістер басқармасының бас маманы Ж.Маденова Күршім ауылында Өскемен қаласына, аудан ішіндегі елді мекендерге, Күршім ауылы ішінде жүретін такси қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізді.

Аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 2021 жылы жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша ауданішілік маршруттарға қызмет көрсету құқығына 5 бағыт бойынша конкурс берілген. Өтінім 5 бағыттың 4-уі бойынша түспеген. Олар:Ақбұлақ-Марқакөл, Күршім-Қаратоғай, Күршім-Ақбұлақ, Күршім-Ақсуат ауданішілік маршруттары.

№5 лот бойынша «Күршім ауылының ішінде» «Еңбек» ЖК-мен, «Күршім-Қалжыр-Марқакөл» бағытында «Чабиев» ЖК-мен келісім-шарт жасалған. Аталған бағыттар бойынша тиімді төлем құны бекітіліп, жолаушылар тасымалы ұйымдастырылуда.

Кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіру бөлімінің бас маманы Ж.Маденовамен арнайы дайындалған жадынама таратылып, жолаушы тасымалымен мемлекеттік тіркеусіз айналысу әкімшілік жауапкершілікке соқтыруы мүмкін екендігі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі туралы түсіндірілді.

Жолаушы тасымалымен айналысатын таксилерде арнайы белгі, фишкасының болуы міндетті екендігі ескертілді.