Бағдаршамдардың сапасы мен жұмысына мониторинг жүргізу

Бағдаршамдардың сапасы мен жұмысына мониторинг жүргізу
  • Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, жастар ресурстық орталығының журналисі Ф.Карменова аудан орталығындағы бағдаршамдардың сапасы мен жұмысына мониторинг жүргізді.
  • Күршім ауылының көше қиылыстарында 4, Марқакөл ауылында 2 бағдаршам қойылған (біреуі бүгінгі күні жөндеуді қажет етеді).
  • Ағымдағы жылдың мамыр айынан Күршім ауылындағы бағдаршамдар жұмыс істемейді. Маусым айында жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін ескерту белгісі – сары шамдар жанбады. Аудандық полиция бөлімінің жол қауіпсіздік ережелерін сақтауда бағдаршамдардың талапқа сай қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсыным хатына сәйкес жұмыс уақытша тоқтатылған.
  • Ағымдағы жылдың қазан айында аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен ақауды жою жұмыстарын атқару жоспарланған.
  • Марқакөл ауылындағы 1 бағдаршамға қазан айына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылмақ.