Көшелерді жарықтандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізу

Көшелерді жарықтандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізу
  • Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Р.Қалиахмет Күршім ауылдық округіндегі  көшелерді жарықтандыру жұмыстарына және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізді.
  • Күршім ауылдық округінде жарықтандыру шығындарына 2021 жылға 7 млн теңге қаражат қарастырылып, «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ, Күршім А
    ЭЖ – мен келісімшарт жасалған. Электр желілерінің үздіксіз қызметін қамтамассыз ету үшін 1 млн 302 мың теңге (автомат, таймер, шамдар ауыстыру, т.б. жұмыстарға) қаражат қарастылып, «Қожа»  жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалған. Бүгінгі күні светодиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
  • 1 квт электр энергиясының құны жыл басында 18 теңге 488 тиынды құраса, бүгінгі күні ол 31 теңге 013 тиын болып қымбаттауына байланысты қосымша қаражатты ауылдық округтің бюджеті есебінен алу жоспарлануда.