Субұрқақтың бүгінгі техникалық жай-күйіне және жұмысына мониторинг жүргізу

Субұрқақтың бүгінгі техникалық жай-күйіне және жұмысына мониторинг жүргізу

«Шығыс–Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 6 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абилмажинов, аудандық мәслихат депутаты жастар ресурстық орталығының директоры Р. Қалиахмет, ауылдық округ әкімі Е. Нұрсоветов Күршім ауылындағы субұрқақтың бүгінгі техникалық жай-күйіне және жұмысына мониторинг жүргізді.
Күршім ауылындағы айналған Абай алаңындағы субұрқақ жаны жаз мезгілінде адамдарға толып аудан тұрғындарының, балалардың демалатын орнына айналған еді. 2020 жылдың 26 қарашасында мердігер «Central Asia Compani» ЖШС-мен пайдалануға берілген нысан техникалық ақаулықтарға байланысты ағымдағы жылдың 30 шілдесінен жұмыс істеген жоқ. Маусым айында бірінші насос, 30 шілдеде екінші насос істен шыққан. Ақаулықтарды жөндеу жөнінде Күршім ауылдық округінің әкімдігімен хаттар жолданып, ескертілген.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 қыркүйегі күні келген мердігер серіктестікке қарасты жауапты мамандармен істен шыққан насостарды қайтадан ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды. 2 насос жөндеуден өткізіледі немесе жаңасын қоятын болады.
Абай алаңында субұрқақ өз жұмысын жалғастыратын күн алыс емес.