Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біріңғай номерін (1424 Сall-орталығы) насихаттау бойынша парақтар мен флаерлар тарату

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біріңғай номерін (1424 Сall-орталығы) насихаттау бойынша парақтар мен флаерлар тарату

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Б.Өлмесеков Күршім ауылдық округінің әкімдігі қызметкерлерімен 2015-2025 жылдарға арналған ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын, ағымдағы жылы енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біріңғай номерін (1424 Сall-орталығы) насихаттау бойынша парақтар мен флаерлар таратылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа мұлдем төзбеушілік, парасаттылық мемлекеттік аппаратта қызмет етушілердің басты қасиеттеріне айналу қажеттілігі туралы айтылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.