Күршім ауданына «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері іссапармен келіп қайтты

Күршім ауданына «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері іссапармен келіп қайтты

«Шығыс Қазақстан облысының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын» жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшесі Д.Жусупов, орталық аппарат инспекторлары Е.Жұмағұлов, В.Есілбаева, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты М.Бақытқызы Күршім ауданында болып, аудандағы «Ашық әкімдік» жұмысымен, аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы,  жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, сәулет, құрылыс, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» жолдауы аясында қабылданған ШҚО Күршім ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша есептерін тыңдады.

Жұмыс тобы ,Қалжыр ауылында салынып жатқан спорт модулінде, экологиялық жай-күйімен танысу мақсатында Қалжыр өзенінде, Күршім ауылындағы бассейн, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпір құрылысымен  танысты.       

Жұмыс тобымен бірге аудан әкімі Д.Қажанов,  аудан әкімінің орынбасары Е.Шораяқов, аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абилмажинов , аудандық сәулет,құрылыс,тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Акрамов болды.