Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жедел хабарлау мақсатында смартфондар мен планшеттерге арналған Darmen тегін мобильді қосымшасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Қосымша Android Және iOS операциялық жүйелері үшін құрылған және Шығыс Қазақстан облысы аумағында "Төтенше жағдай қаупі және туындауы туралы халықты бірнеше секунд ішінде жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді". Қазіргі уақытта "Қазгидрометтің"мәліметтері жөнелтілуде.
Қосымша жоғары тиімділікті көрсетті, мобильді қосымша SMS-хабарламамен бірге пайдаланылады. Darmen қосымшасын App Store және Play Market ұялы телефондарына арналған қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Мобильді қосымша Android Және IOS операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық иегерлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.
Аndroid үшін https://play.google.com/store/apps/details?id=com.sannacode.android.serbiso
iOS үшін https://itunes.apple.com/ru/app/darmen/id1293220771?mt=8
Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі