¬Күршім ауданы бойынша дауыс беру күнінің аяқталуы туралы

¬Күршім ауданы бойынша дауыс беру күнінің аяқталуы туралы

­Күршім ауданы бойынша дауыс беру күнінің аяқталуы туралы

 

2021 жылғы 25 шілдеде сағат 20.00-де 15 (он бес) сайлау учаскелерінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру аяқталды.

Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы күні бойы сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі бойынша мониторинг жүргізді, ол бойынша ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылды. Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі 91,8% пайызды құрады.

Күршім ауданында өтініштер мен шағымдар болған жоқ.