Қазақстан Республикасының сотталғандардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, қашулардың жолын кесу және төтенше жағдайларды болдырмау, сондай-ақ жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті күшейту мақсатында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 19-23 шілде күндері аралығында Күршім ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жоспарланған.
Сол мақсатта Күршім АПБ және Күршім аудандық №1 пробация қызметі тарапынан жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% тексеру, қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан құқықбұзушылық және өзе де құқыққа қайшы келетін іс әрекеттердің алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Осы жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде пробация есебінде тұрған азаматтардың тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылса ол азаматтарға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстыру мәселесі бойынша сотқа ұсыным енгізілетін болады.
Күршім аудандық №1 пробация қызметі бөлімше аға инспекторы
әділет капитаны Г.Е. Кусаинова