Ағымдағы жылдың 16 шілдесі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ. Қарағызов Күршім ауылындағы Е.Темірғалиевтің «Күршім Фарм» ЖШС-на қарасты дәріханада болып, қызметкерлердің еңбек шартының сақталуына мониторинг жүргізді.
Көп жылдан жұмыс істеп келе жатқан Н.Касаткинамен келісім шарт жасалып, еңбек шартына сәйкес міндетті медициналық сақтандыру, зейнетақы қорларына қаражаттар аударылуда, еңбекақы төлеу, еңбек демалысына шығу т.б. талаптар бойынша шағымы жоқ.