Ағымдағы жылдың 16 шілдесі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абилмажинов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Қарағызов Күршім ауылындағы «Ырыс» құрылыс дүкенінің иелерімен (Анаргүл Көңілбек, Дәулетхан Дауылхан) кездесіп, қызметкерлердің еңбек шартының сақталуына мониторинг жүргізді.
Жұмысқа тартылған қызметкерлермен еңбек шарты жасалмаған, құрылыс жұмыстарына тартылған азаматтарға күнделікті еңбекақы төленетіні анықталды.
Кәсіп иелеріне жұмысқа тартылған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу, міндетті медициналық сақтандыру, зейнетақы қорларына қаражаттардың аударылуын, қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылды, орындалу мерзімі белгіленді.
Сонымен қатар, тауарлардың бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу жөнінде ескертілді.