2-слайд:
2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санақтары раундының дүниежүзілік бағдарламасы бойынша БҰҰ ұсынымын назарға ала отырып, Бішкек қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі -ТМД) Мемлекеттерінің Басшылары Кеңесінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде кезекті халық санағын барынша жуық арада 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы кезекті ұлттық халық санағын 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазан аралығында өткізу жоспарланған іс-шаралар Жоспарымен, «2021 жылы ұлттық халық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысы қабылданды.
3-слайд:
- 2021жылы ұлттық санақты өткізу бойынша жұмыс органдары құрылды.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөнінде арнайы комиссия құрылды, оның құрамына орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының және облыс әкімдерінің орынбасарлары кірді;
- Облыс әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №33-ө өкімімен Шығыс Қазақстан облысы халқының ұлттық санағын өткізуге ықпал етететін комиссия құрылды;
- Қала және аудан әкімдерінің өкімімен Шығыс Қазақстан облысы халқының ұлттық санағын өткізуге ықпал етететін аудандық (қалалық) комиссия құрылды.
4 -слайд:
2021 жылғы халық санағы кезінде Қазақстан Республикасында санақтан өтетіндер:
- Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты (әдетте) тұратын Қазақстан Республикасының, шетел және азаматтығы жоқ азаматтар;
- Қазақстан Республикасының азаматы (соның ішінде онымен тұратын отбасы мүшелерін қоса), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары атынан қызметтік міндеттерін атқаруға (дипломатиялық корпус) немесе ұзақ қызметтік іссапарға; оқуға («Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса) байланысты мерзімі 12 айдан артық шет елде жүргендер;
- шетел азаматтары, азаматтығы жоқ және тұрақты негізде шетелде тұратын, бірақ халықты есепке алу сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында (12 айдан кем) жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары.
2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы халық санағынан өтуге жатпайтындар:
- шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы (магистранттар) және студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді қоспағанда 12 айға немесе одан да артық мерзімге (ұзақтығы 12 айдан аса болуына қарамастан) шетелге жұмысқа немесе оқуға шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары;
- өз мемлекеттерінің дипломатиялық және басқа өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар, шетелдік әскери қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері.
5-слайд:
Ұлттық халық санағы дайындық және негізгі кезеңдерден тұрады:
1-маусымнан 30-маусым аралығында өтетін дайындық кезеңінде, интервьюерлер тұрғын үй және тұрғын емес жайлар мен ққұрылыстардың мекенжайларын және онда тұрып жатқан халықтың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекендерді аралайды. Осы кезеңде аудандастыруға дайындық жүріп жатыр.
Санақты аудандастыру – бұл санақтың 2-кезеңін өткізу үшін аймақтың әрбір елді мекендерінің аумағын нұсқаушы және есеп учаскелеріне бөлу.
Негізгі кезеңде интернет желісі арқылы ұлттық халық санағын ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен 15 қазан аралығында, планшеттің көмегімен санақшылармен жаппай аралау 1-қазаннан 30-қазан аралығында өткізу жоспарлануда.
6-слайд
Ағымдағы жылғы 1-маусымнан 30 маусым аралығында өтетін санақтың бірінші кезеңін өткізу үшін уақытша санақ персоналдары тартылады:
Уәкілеттілер 4-мамырдан 30-қараша аралығындағы кезеңге қабылданады. Саны 81 адам, олардың орташа жалақысы 80 мың теңгені құрайды.
Нұсқаушы-бақылаушылар 25-мамырдан 8-шілде аралығындағы кезеңге қабылданады, жалақысы 45 жұмыс күндеріне 125 мың теңгені құрайды.
Интервьюерлер 1-маусымнан 30- маусым аралығында қабылданады. Жалақысы нақты көрсетілген қызметтер бойынша 1200 тұрғын үй, тұрғын үй емес объектілер үшін 83 мың теңге.
Бұл уақытша жұмысқа келесі талаптарға сәйкес келетін: жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, дербес компьютермен жұмыс жасай алатын, жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды, Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдайды. Санақ персоналдарымен өтеулі қызмет көрсету шарты жасалады.
7-слайд:
Интервьюерде халық санағын өткізу кезінде міндетті түрде өзімен бірге:
1. Тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және қолдану мерзімі көрсетілген аумақтық Статистика органы басшысының қолымен және мөртабанымен расталған, фотосуретімен интервьюердің куәлігі.
2. Халық санағының символикасы бар көк түсті шарф.
3. Халық санағының символикасы бар көк түсті портфелі болу керек.
8-слайд:
2021 жылы Ұлттық халық санағын өткізу кезінде фирмалық стильді беру мақсатында Ұлттық халық санағының логотипі мен ұраны жасалып, бекітілді.
«2021 жылғы халық санағы» логотипі санақ персоналдарының реквизиттерінде, билбордтарда, баннерлерде, жарнамалық в рекламных компанияларда, кеңсе тауарларында, SANAQ веб-сайтында, сонымен қатар барлық тиісті іс-шараларда пайдалануға арналған.
Санақ ұраны
Қазақстанда әркім маңызды!
В Казахстане каждый важен.
9 слайд:
Алда болатын халық санағының жаңашылдығы - онлайн режимінде халық арасында интернет-сауалнама және планшет құралы арқылы жаппай сауалнама жүргізу. 1-қыркүйектен 15 қазан аралығында интернет-сауалнама өткізіледі, респонденттер sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында Интернет желісі арқылы өз бетінше, нұсқаулықтар мен әзіржауаптың, виртуалды көмекшінің көмегімен өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтырып, санақтан өз бетінше өте алады.
1-қазаннан 30 қазан аралығында интервьюерге барлық қойылған арифметикалық-логикалық бақылауды ескере отырып сауалнама жүргізуге мүмкіндік бере, интервьюерлермен мәліметтерді жинау үшін, жауаптарды планшетке тіркеумен бір уақытта халық арасында жаппай сауалнама жүргізіледі. Интернет арқылы мәліметтер ұсынған респонденттерден интервьюерлер сауалнама алмайды. Халық арасында сауалнама өткізген кезде респонденттің сәйкестендіру нөмірі ретінде сауалнамаға жауап берушінің ЖСН қолданылады
Деректер сапасының жоғары деңгейін және халықтың барынша көбін санаққа тартуды қамтамасыз ету үшін бақылау мақсатында 10% іріктемелі аралау өткізіледі.
10-слайд:
Халықтың өз беттерімен сауалнама өту аясында sanaq.gov.kz Web-қосымшасы дайындалған. Сайтта тіркелген Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз беттерімен сауалнамадан өте алады. Сондай-ақ, Ұлттық халық санағының дайындығы мен, өткізілуіне қатысты барлық ақпаратты (НҚА, санақ парақтары, инфографикалар, санақ тарихы, интервьюердің сырт бейнесі, жауаптар-сұрақтар) сайттан алуға болады.
Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады;
Бланкіні толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады;
Ыңғайлылық. Респондент зерттеуге қашан қатысатынын өзі шешеді және бұл жауаптардың сапасын арттырады;
«Интервьюер әсерінің» жетіспеушілігі (Интервьюердің жеке басының әсері егер интервьюердің көңіл-күйі нашар болса немесе белгілі бір типті адамдарды қабылдамаса және т.с.с. жойылады – осының бәрі алынған мәліметтерге әсер етеді).
11 слайд:
Респондент Интернет-сауалнамадан өту үшін www.sanaq.gov.kz.сайтында келесі реквизиттерді: ЖСН-ін, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін, мобилдік телефонның нөмірін, электронды поштаның мекенжайын, растау кодын, Парольді көрсете тіркелуден өту керек және жүйеге кіру керек.
Тіркеуден ойдағыдай өткеннен кейін және авторизациядан кейін сауалнаманың электрондық нұсқалары респондентке қолжетімді болады.
Санақ парақтарының сұрақтары мен жауаптары үшін оларды толтыруға қосымша түсіндірмелерімен қосымша кеңестер қарастырылған. Онлайн режимінде санақ аяқталғаннан кейін респонденттердің жеке мобилдік телефон нөміріне және респонденттің тіркеу кезінде көрсетілген электронды поштасына ұлттық халық санағынан өткені туралы бірегей нөмірі бар хабарлама жіберіледі.
12-слайд
Халық санағын өткізу кезеңінде орталық санақ серверіне деректерді жіберу келесі жолдармен жүзеге асырылады:
1. Оператордың қызмет көрсету аймағында планшетпен интервьюер болған жағдайда оператордың ұялы байланысының қауіпсіз желісі арқылы планшеттен онлайн режимінде.
2. Ұялы байланысы нашар шалғай аудандарда сауалнама өткізу кезінде деректер орталық санақ серверіне офлайн режимінде жергілікті атқарушы билік органдары (ауылдық округының әкімдіктері) қосылған МО БТО арқылы беріледі. Байланыстың бұл түрі барлық деңгейлерде (қалалық, аудандық, ауылдық) қолжетімді.
Сонымен қатар, IP VPN арқылы деректерді жіберуге болады, оған барлық аумақтық статистикалық органдар (департаменттер және аудандық\қалалық статистика басқармалары) қосылған.
13-слайд:
Ұлттық санақты өткізу мақсатында техникалық сипаттамалардың талаптарына сәйкес келетін power bank, қорғаныс әйнегі, қорғаныс чехолы, стилус қарастырылған қосымша гарнитурасымен қытайда шығарылған KOUZONE MTK6592 планшеттік компьютердің 2044 данасы сатып алынды.
Санақ аяқталғаннан кейін планшеттер Білім және ғылым министрлігіне, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Осы мемлекеттік органдармен хат алмасу жүргізілді және планшеттерді тапсыру туралы алдын-ала келісім бар. Сондай-ақ, кейбір планшеттер айлық, тоқсандық, жылдық салалық байқаулар мен зерттеулерді жүргізу үшін аумақтық статистика органдарының теңгерімінде қалады.
14 слайд:
Халықты 2021 жылғы Ұлттық халық санағының өткізілу барысы туралы ақпараттандыру мақсатында Комитет мемлекеттік және орыс тілдерінде 8 ақпараттық бейнеролик дайындады.
2021 жылғы Ұлттық халық санағы туралы барлық ақпарат мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында, stat.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ YouTube (STATGOV KZ), Facebook (@statgov.kz), Instagram (@statgov.kz) с хэштегом #sanaqkz2021 әлеуметтік желілерінде жарияланды. Сонымен қатар, «Ұлттық санақ» АЖ жүргізу шеңберінде бүкіл Қазақстан бойынша стационарлық телефондар үшін ақысыз және 8 800 800 878 нөмірлі барлық мобилді байланыс операторлары үшін ақысыз жүзеге асырылатын – 1446 қысқа нөмірі бар бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
Назарларыңызға рахм