1-тарау. Жалпы ережелер
1) су режимі - су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;
2) су айдындары – өзендер және оларға теңестірілген арналар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар;
3) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
4) суға шомылу үшін тыйым салынған орын – адамдардың суға шомылуға арналмаған су айдындарының ықтимал қауіпті учаскелері;
5) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілері- адамдар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарына жақын орнатылатын белгілер (ескерту, тыйым салу, ақпараттық және басқалар);
6) жеке құтқару құралы – суда немесе мұзда қалған кезде адамға қосымша қалқымалығы үшін жасалған құтқару құралы. Жеке құтқару құралдарына құтқару шеңберлері, күртешелер, кеудешелер, қалқыбелгілер жатады;
7) коммуналдық жағажай – жергілікті атқарушы органның қарамағындағы су айдынындағы демалу орны;
8) №1 жиынтық- жеңіл түрдегі сүңгуір жарақтарына су астында көрінуді жақсарту үшін жартылай дулығасы, басты су үстінен көтермей, атмосфералық ауамен немесе су астында жүзуге мүмкіндік беретін кеуекті қуыс түтікше түріндегі тыныс алу түтігі және аяққа кигізілетін жүзгіш түріндегі қозғаушы ретінде жүзуге арналған ескекаяқ кіреді;
9) шағын көлемді кеме – ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортындағы рұқсат етілген адам саны 12 адамнан аспайтын, балық аулау үшін салынған немесе жабдықталғаннан басқа жүк тасуға, жетекке алуға, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осындай жұмыстарды жүргізуге, лоцмандық және мұз жару, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау іс-шараларын жүзеге асыратын кеме;
10) су айдынындағы жаппай іс-шара адамдар жаппай жиналатын көпшілік іс-шара (мәдени- ойын- сауық, спорттық, жарнамалық немесе ойын-сауық іс- шаралары), іргелес немесе жер учаскесі бар су айдынында (немесе оның бір бөлігінде) өткізілетін көпшілік іс-шара;
11) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орын – рекреациялық мақсаттар үшін (жағажай, балық аулау, емдеу, туризм, спорт және суда немесе мұзда белсенді демалу, шағын көлемді кемелерді және басқа да жүзу құралдарын жалға беру және су айдындарында жүзу орны), сондай-ақ балалардың ұйымдастырылған демалуы үшін пайдаланылатын іргелес жер учаскесі бар су объектісі (немесе оның бір бөлігі);
12) су айдынында жаппай іс-шараны ұйымдастырушы - ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына тәуелсіз ұйым, сондай-ақ су айдынында іс-шараға бастамашы болған жеке немесе заңды тұлға;
13) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы жаппай демалыс, туризм және спорт орындарын ұйымдастырушы - ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан ұйым, сондай-ақ су қоймасын рекреациялық мақсаттар үшін (жағажайлар, балық аулау, емдеу, туризм, спорт және суда немесе мұзда белсенді демалу, шағын көлемді кемелерді және басқа да жүзу құралдарын жалға беру және су айдындарында жүзу орны), сондай-ақ балалардың ұйымдастырылған демалысы үшін пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
14) демалушылар - су айдындарында демалу, балық аулау, шомылу, шағын көлемді кемелермен серуендеу және басқа да демалу түрлері мақсатында болатын адамдар;
15) осы Қағидалардыңталаптарын сақтауға жауаптылар – су айдындарының иелері, нұсқау берушілер (жаттықтырушылар), құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын адамдар;
16) жағажай-су қоймасына іргелес және ұйымдастырылған демалуға, оның ішінде адамдардың шомылуына арналған жер учаскесі;
17) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
18) құтқару шильцалары-өздігінен мұзға құлап кеткеннен кейін шығуға, сондай-ақ жұқа мұз үстімен жатқан жағдайда қозғалуға мүмкіндік беретін құтқару аксессуары. Бір бірімен жіп арқылы байланысқан үшкір металл ұштары бар 2 тұтқаны білдіреді;
19) «Александров жібі»құтқару құралы – суға батып бара жатқан адамға көмек көрсететін құрал, ол диаметрі 40 сантиметрлік ілмегі және екі қалқымасы бар ұзындығы шамамен 30 метрлік қалқыма түрінде жіңішке жіп болады;
20) құтқару бекеті – ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, ұйымдар, акваторияның белгілі бір учаскесінде заңды және жеке тұлғалар құратын, құтқарушы-жасақшылармен жасақталған, құтқару жабдығымен жарақталған, су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орындайтын күзет бекеті;
21) сақтандыру жібі -белге немесе иық арқылы киілетін құтқарушының өзін сақтандыруға арналған, сондай-ақ құтқару шеңберімен немесе құтқару кеудешесімен бірге пайдаланылатын ілмектері бар орауышта ұзындығы кемінде 200 метр жүзбелі жіңішке жіп;
22) оқу орны-жүзу бойынша ұжымдық және жеке сабақтар өткізуге барынша бейімделген жағажай аумағында арнайы жабдықталған орын.
2- тарау. Су айдындарында, оның ішінде жағажайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының су айдындарында суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді;
3) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орындарындағы радиотрансляциялық қондырғылардың және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен суда жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін демалушылардың арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша патрульдік полицияның кезекшілігін ұйымдастырады;
1) суқорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру, қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша экологиялық талаптарды және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгілейді;
2) коммуналдық жағажайларда құтқару бекеттерін, медициналық көмек пункттерін және қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін құрады;
3) суға шомылу және демалу үшін пайдаланылатын су айдындарына түгендеу жүргізеді және оларды нақты иелеріне бекітеді;
4) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында құтқарушылармен жасақталған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құтқару жабдықтарымен және жарақтарымен жарақтандырылған құтқару бекеттері жоқ, кезекші медициналық персоналмен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен және қажетті құрал-сайманмен және дәрі- дәрмекпен және балалардың шомылуына арналған учаскелермен (балалар жағажайы) жарақтандырылғанжаппай демалыс, туризм және спорт орындарын ашуға жол берілмейді);
5) балаларды суға шомылуға және жүзуге үйрету үшін коммуналдық және балалар жағажайларын құрады және жабдықтайды;
6) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалыс, туризм және спорт орындарына волонтерлер тартылады;
7) мұз қатқан су айдынының өтуі үшін арнайы мұз өткелдері (жаяу жүргіншілер және автомобильдер үшін) жасалады;
8)қысқы кезеңнің басында және соңында мұз үстімен өтетін өткелдің ашылу және жабылу уақыты белгіленеді;
9) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктеріне су алуға, мал суаруға, шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарыменжүруге тыйым салынған орындар туралы және осындай ақпаратты берудің өзге де тәсілдері туралы азаматтарға ақпарат береді;
10)су айдындарының қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес талаптарға су айдындарында тыйым салатын және ескертетін қауіпсіздік белгілерін орнатады;
11)білім беру ұйымдарында су объектілерінде қауіпсіздік бұрышын құруды, су объектілеріндегі тәртіп Қағидаларды зерделеуді, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын ұйымдастырады.
су мен ауа температурасы, жел күшінің бағыты және ағыс жылдамдығы көрсетілген тақтайшалары бар стендтер;
құқық қорғау органдарының, құтқару қызметтерінің және жақын жердегі суда құтқару станциясының телефондары мен мекенжайлары нөмірлерінің стендтері;
ең үлкен тереңдігі мен қауіпті орындары көрсетілген аумақ пен акваторияның схемалық бейнесі бар стендтер;
судағы қауіпсіздік үшін жауапты тұлғалар көрсетілген сабақтар, жаттығулар, жарыстар кестесі бар стендтер;
су айдынында жаппай іс-шараларды өткізу күні, уақыты және мерзімін;
су айдынындағы жаппай іс-шараға қатысушылардың санын;
су объектісіндегі адамдардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды;
су айдынында жаппай іс-шараларды өткізу орнының схемасын көрсете отырып,өтінім жолдайды. Су объектісінде жаппай іс-шаралар өткізу кезінде акваторияның учаскелері (жолақтары) қызыл немесе қызғылт сары түсті қалқыбелгілермен (ілгіштермен) белгіленеді;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде құтқарушы–жасақшыларды даярлау жөніндегі курстардан өткені туралы анықтамасы бар құтқарушы-жасақшылардың болуы;
қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін суда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін медициналық персоналдың (санитарлық машиналардың) және полиция қызметкерлерінің болуы;
3-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының су айдындарындағы жүріс-тұрыс тәртібі
4-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
1) жағажайларды жабдықтайды және құтқару бекеттерімен жарақтайды;
2) су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындайды;
3) су айдындарында және мұзда оқиғалар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді.
1) кемені белгіленген нормадан артық тиеуге;
2) 7 жасқа дейінгі балаларды серуендетуге;
3) кемеден суға секіруге;
4) жеке құтқару құралдарынсыз серуендеуге;
5) шомылуға бөлінген акваторияға кіруге,сондай-ақ кеме қатынасы жағдайының белгілеріне жақындауға, оларға арқандап байлануға және кеме жүрісінде тоқтауға жол берілмейді.
5- тарау. Су айдындарында туристік маршруттарды өткізу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
1) топтар қатысушылардың саны бойынша қажетті құтқару құралдарымен және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жарақтандырылады;
2) топ басшысы құрал - жабдықтармен және құтқару құралдарымен жұмыс істеу маршрутын, тәртібі менқағидаларын зерделейді, осы маршруттардан өту бойынша картографиялық материалмен қамтамасыз етіледі, су айдындарында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете біледі;
1) маршрутты және су режимін зерделейді;
2) тек жарамды, алдын ала тексерілген жүзу құралдары мен жабдықтарын пайдаланады;
3) балқу кезінде жүзу құралының артық тиелуін асырмайды, тек құтқару кеудешелері мен гидрокостюмдеріменжұмыс жүргізеді және жүзеді;
4) жүзу құралы зақымдалған жағдайда дереу жағаға айлақ жасайды;
6-тарау. Қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік тәртібі
1) мұз өткелдеріне апаратын жолдар мен құламалар абаттандырылады;
2) мұз өткелдері жылы және жер асты суларының шығатын орнынан, сондай-ақ промоиналардан, майндардан және мұз сынуға арналған алаңдардан кемінде 100 метр қашықтықта орналастырылады;
3) автогужалық мұз өткелдері трассаларының бір жақты қозғалысы болады;
4) қарама - қарсы қозғалыс үшін 50 метр қашықтықта бір - бірінен алыстатылған екі дербес параллель трассалар төселеді.
1) балық аулауға және басқа мақсаттарға арналған шұңқырларды тесуге;
2) қоршалмаған және қорғалмайтын жерлерден өтуге және жүруге;
3) кәсіптік балық аулауға арналған желілерді орнатуға тыйым салынады.
1) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға;
2) мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналуға;
3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;
4) өткелден тыс көлік құралдарымен шығуға жол берілмейді.
1) шектеулі алаңда екіден артық шұңқыр тесуге;
2) от жағуғарұқсат етілмейді.
7- тарау. Су айдындарындағы қауіпсіздік белгілері.
Су айдындарындағы
қауіпсіздік қағидаларына
1-қосымша
Құтқару бекетінің құрылымына қойылатын талаптар (адамдар құрылғы бола алмайды, атын қайта атау керек)
р/с № |
Атауы |
Бірлік саны |
Ескертпе |
1-бөлім. Құтқару бекетінің штаты |
|||
1. |
Бекет басшысы |
1 |
|
2. |
Құтқарушы-жасақшы |
Жағажайдыңжағалаужиегініңұзындығынабайланысты: 75 метргедейінкемінде 2, 75- тен 125 метргедейінкемінде 3, 125- тен 175 метргедейінкемінде 4, 175- тен 225 метргедейінкемінде 5, 225 метрденжәнеоданжоғарыкемінде 6 |
|
2-бөлім. Жабдықтар мен құрал-жабдықтар |
|||
1. |
Моторлы қайық |
Жағажайдың жағалау жиегінің ұзындығына байланысты: 125 метрге дейін кемінде 1, 125- тен 225 метрге дейін кемінде 2, 225 метрден және одан көп кемінде 3 |
борттарда «құтқару» деген жазуы бар |
2. |
Ескекті қайық |
Жағажайдың жағалау жиегінің ұзындығына байланысты: 125 метрге дейін кемінде 1, 125- тен 225 метрге дейін кемінде 2, 225 метрден және одан көп кемінде 3 |
борттарда «құтқару» деген жазуы бар |
3. |
Тасымалданатын радиостанция |
1 жасақтың әрбір құтқарушысына |
|
4. |
Құтқару шеңбері |
2 |
|
5. |
«Александров жібі» құтқару құралы |
2 |
|
6. |
Мегафон |
2 |
|
7. |
Дәрі-дәрмектерімен санитарлық сөмке |
1 |
|
8. |
Трал |
1 |
|
9. |
Ұзындығы кемінде 5 – 6 метр, ұзындығы кемінде 40 метр, жіңішке жібі бар құтқару тақталары |
2 |
|
10. |
Ұзындығы кемінде 7метр ағаш саты |
1 |
|
11. |
Ұзындығы кемінде 40 метр құтқару жіңішке жібі |
1 |
|
12. |
Ұзындығы кемінде 40 метр жіңішке жіпбайламындағы ұзындығы кемінде 2 метр багор |
1 |
|
13. |
Ұзындығы кемінде40 метрбар ұзындығы 2 метрден артық емес жеңіл конструкциядаан жасалған шаналар |
1 |
|
14. |
кемінде 40 метр жіңішке жібіменұзындығы кемінде 5 метр құтқару сырығы |
1 |
|
15. |
Сақтандыру жібі |
1 жасақтың әрбір құтқарушысына |
|
16. |
Құтқару шильцалары |
2 |
|
17. |
№1 жиынтық |
1 жасақтың әрбір құтқарушысына |
|
18. |
Дүрбі |
әрбір бақылау мұнарасына |
|
19. |
Ысқырық |
1 жасақтың әрбір құтқарушысына |
|
20. |
Құтқару кеудешелері |
1 жасақтың әрбір құтқарушысына |
|
21. |
Сырықтар, құтқару ілгектері |
1 жасақтың әрбір құтқарушысына |
|
22. |
Бақылау мұнарасы |
Барлық бақыланатын қызмет көрсету аймағын қамтуға байланысты |
|
23. |
Су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу және суға батушыға көмек көрсету жөніндегі материалдары бар стенд |
1 |
|
24. |
Стационарлық аттракциондарды пайдалануқағидалары және стационарлық аттракциондарды пайдалану қауіпсіздігі шаралары бар стенд |
1 |
|
3-бөлім. Құтқару бекетінің құжаттамасы |
|||
1. |
Күн тәртібі |
1 |
|
2. |
Бекет бойынша кезекшінің нұсқаулығы |
1 |
|
3. |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық |
1 |
|
4. |
Судағы жазатайым оқиғалар туралы актілер кітабы |
1 |
|
5. |
Акватория тереңдігі бар қызмет көрсетілетін ауданның картасы (схемасы) |
1 |
|
6. |
Қазақстан Республикасы азаматтарының су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары |
1 |
|
7. |
Құтқару бекеті мүлкінің тізімдемесі |
1 |
|
Ескертпе: бір құтқару бекеті жүзіп өту сызығының 200 метрден артық емес ұзындығына қойылады.
Су айдындарындағы
қауіпсіздік қағидаларына
2-қосымша
Су айдындарындағы қауіпсіздік белгілері
р/с №
|
Белгідегі жазу |
Белгінің жалпы түрі |
1. |
Шомылу орны |
Жасыл шеңберде. Үстінен жазу. Жазудың астында (жүзудің шекарасын метрмен көрсете отырып) жүзіп келе жатқан адам бейнеленген. Белгі ақ түсті бағанға бекітіледі |
2. |
Балалардың шомылатын орны |
Жасыл шеңберде. Үстінен жазу. Жазудың астында (жүзу шегі метрмен көрсетілген) суда тұрған екі бала бейнеленген. Белгі ақ түсті бағанға бекітіледі |
3. |
Шомылуға тыйым салынады (шекараларын метрмен көрсете отырып) |
Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жақта жүзіп келе жатқан адам бейнелеген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
4. |
Мұз үстiмен жүруге болады. |
Тұтастай жасыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. |
5. |
Мұз үстiмен жүруге тыйым салынады |
Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
6. |
Толқуды тудырмаңыз! |
Қызыл шеңбердің ішінде ақ фонда қызыл сызықпен сызылған қара түсті екі толқын бейнеленген. Белгі қызыл түсті бағанға бекітіледі |
7. |
Сүңгуге тыйым салынады |
Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында сүңгіп бара жатқан адам бейнеленген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
8. |
Жүзу құралдарының қозғалысына тыйым салынады. |
Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында iлме моторлы шағын көлемді кеме бейнеленген. Бейне жоғарыдағы бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Жағажайдың акваториясын қоршайтын қалқыбелгілер бірге қойылады. |
9. |
Шағын көлемді кемелердің тұруына және тоқтауына тыйым салынады |
Қызыл шеңбердің ішінде ақ фонда қызыл сызықпен сызылған қара түсті «Р» әрпі бейнеленген. Белгі қызыл түсті бағанға бекітіледі |
10. |
Қауіпті! Иірім! |
Қара жиектемедегі жасыл үшбұрыш ақ фонда және ортасында екі ирек көлденең сызықпен сызылған леп белгісі. Үстіңгі жағында «Қауіпті!» деген жазу. Төменгі жағында қара жиектемеде «Иірім!» деген жазу. Белгі қалқымалы, су кемерінен 5-10 метр жерде, тереңдіктер күрт алмасатын ауданға қойылады. |
11. |
Зәкірді лақтырмаңыз! |
Қызыл шеңбердің ішінде ақ фонда қызыл сызықпен сызылған қара түсті Зәкір бейнеленген. Белгі қызыл түсті бағанға бекітіледі. |
Су айдындарындағы
қауіпсіздік қағидаларына
3-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Жағажай акваториясына тексеру
жүргізген мекеменің (ұйымның)
басшысы
___________________________
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
20___ жылғы "____" _________
Жағажай акваториясының түбін сүңгуірлік тексеру актісі
Біз, төменде қол қоюшылар, жағажай акваториясының түбіне тексеру жүргізген мекеменің (ұйымның) өкілі _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бір жағынан, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы бұқаралық демалыс, туризм және спорт орындарын ұйымдастырушыдан өкіл _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
екінші жағынан,20____ «___»_______________________________________________
_______________________________________________________________________________
(су айдынының атауы)
су айдынында орналасқан жағажай акваториясының түбіне, _______________________________________________________________тексеру жүргізілді
(жағажайдың атауы)
Суға түсу кезінде қауіп төндіретін заттарды көрсете отырып, жоғарыда аталған жағажайдың жоспар-схемасын жасады.
Тексеру жүргізу кезінде анықталды:___________________________________________
_____________________________________________________________________________
жағажай акваториясының түбіне тексеру жүргізген мекеменің (ұйымның) өкілі ______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы бұқаралық демалыс, туризм және спорт орындарын ұйымдастырушы ______________________________________________________________________________