Қоқысты өрттеу

Қоқысты өрттеу

Барлығы өз үйінің ауласын өрттеу арқылы қоқыстан тазартады. Ондай амал экология және өрт қауіпсіздік көз қарастардан қатаң тыйым салынады. Үйткені жапырақтар мен қоқыстарды өрттеу кезінде көптеген улы заттар бөлінеді, ал ең бастысы, өрттің тууына үрей туғызады.
Мысалға, қоқыстарды өрттеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің дөрекі бұзушылықтар жіберіледі, содан кейін өрт пайда болады, өрт, соңында тұрғын үйлердің ғимараттары өрт қауіпіне үрейленеді. Қоқыстарды өрттеу кезінде ешкім оның қауіпсіздігіне жауап бере алмайды.
Күршім ауданының ТЖБ ескертеді: қоқыстарды өрттеу алдында, оның соңында не болатынын ойланыңыздар.
Ақпарат үшін естеріңізге сала, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 336 бабына сәйкес, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау заңдарын бұзу, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Күршім ауданының ТЖБ