Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу түрі бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты Қазақстан Республикасының орта білімі бар, он алты жасқа толған және әскери қызметке жарамды және оқуға жарамды азаматтарды қабылдайды.
Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі өткізетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және кешенді тестілеу (КТ) сертификатының ұпайларын асәйкес жүзеге асырылады.
ИНСТИТУТТА ОҚЫТУ ШАРТТАРЫ
Курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оқудың барлық кезеңінде курсанттар ақысыз киіммен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар оларға демалыс кезеңіндегі жол ақысы төленеді. Институтта күндізгі оқытудың толық курсын аяқтаған адамдар үшін, атап айтқанда 4 жыл, оқу уақыты жедел әскери қызметтен өтуге тең.
МАМАНДЫҚТАР
- 5В12302-Өрт қауіпсіздігі;
- 5В12303-Төтенше жағдайлардан қорғау;
- 6В12191 – Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері;
- 6В45604 – Өрт сөндіру және құтқару ісі;
Дұрыс таңдау жасаңыз, қоғамға пайдалы мамандық алыңыз.
Өскемен қаласы кадр саясаты бөлімінің телефон нөмірі - 87232560168, Күршім а., 87233923583.
Күршім ауданының ТЖБ