Іздеу жарияланды

Іздеу жарияланды

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процесуалдық кодексінің 476 бабы 3 бөлігіне сәйкес  қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты іздестіру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотпен қарастырылады.

Сотталған «Е» 19.02.2016 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64 бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналып, пробациялық бақылау белгіленген. 25.10.2018 жылы ШҚО Күршім аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 64 бабы 3 бөлігі негізінде өтелмеген жазаның 3 жыл 5 ай 7 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. 21.02.2020 жылы ШҚО Өскемен қалалық №2 сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 73 бабы негізінде бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген 2 жыл 1 ай 10 күні бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған. Күршім аудандық №1 пробация қызметінің есебіне 18.03.2020 жылы алынды. Оған мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын органға хабарламай тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын ауыстырмау, белгілі бір орындарға бармау, отбасына материалды қолдауды жүзеге асыру, жұмысқа орналасу міндеттері жүктелген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылсымтық атқару кодексінің 66,67,68 баптары түсіндірілді. Алайда, жүргізілген тәрбиелік мәні бар іс шараларға қарамастан, сотталған «Е» жаза өтеу тәртібін өрескел бұзды. Алғашқы іздеу шараларын жүргізу кезінде оның нақты тұрғылықты жері анықталмаған, арнайы есептерден тексеру оң нәтижеберген жоқ. Осыған орай, Күршім аудандық  №1 пробация қызметі сотқа сотталған«Е» қатысты іздеу жариялау туралы  ұсыным жолдады. Күршім аудандық соты іс құжаттарынмен танысып, пробация қызметінің өкілі, прокурор және қорғаушы пікірлерін тыңдап, пробация қызметінің  іздеу жариялау туралы  ұсынымын қанағаттандырып, «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1 пробация қызметінің инспекторы
Әділет лейтенанты А.С. Бөкейханов