Ашық үлгідегі кеңсеге көшіру – уақыт талабы

Ашық үлгідегі кеңсеге көшіру – уақыт талабы

Ағымдағы жылдың 8 сәуірі күні "Күршім -Адалдық алаңы" кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат депутаты М.Қалеловтың қатысуымен  "Күршім -Адалдық алаңының" сәуір айының жоспарына сәкес, мемлекеттік органдардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларын ғимараттың бірінші қабатына көшіріп, «Open space»  форматындағы (ашық үлгідегі кеңсе) кабинетіне ауыстыру бойынша Күршім ауылдық округі әкімдігінде, №5, №1 Күршім орта мектептерінде, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінде хаттамалық кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту жөнінде тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылды.

Ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Аянбаева