Денсаулық сақтау министрлігі уақтылы жауап беруге және COVID-19 жұқтырған науқастар үшін қосымша ауруханалар ашуға дайын

Денсаулық сақтау министрлігі уақтылы жауап беруге және COVID-19 жұқтырған науқастар үшін қосымша ауруханалар ашуға дайын

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, ағымдағы жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін Республикада 29 189 төсек-орын қоры бар 276 инфекциялық стационар жұмылдырылды.

Бұл ретте, еліміздің бас дәрігерінің атап өтуінше, инфекциялық стационарлардың жұмыспен қамтылуы 36%-ды, реанимациялық стационарлардың жұмыспен қамтылуы 23%-ды құрайды. Инфекциялық төсектердің ең көп жүктелуі Нұр-сұлтан қаласында (71%), Батыс Қазақстан облысында (68%), Алматы облысында (57%), Алматы қаласында (51%) байқалады.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, министрлік төсек қорының жұмыспен қамтылуын өңірдің әрбір медициналық ұйымының деңгейіне дейін мониторингтеудің электрондық жүйесін әзірледі, бұл қосымша стационарлардың уақтылы әрекет етуіне және өрістеуіне мүмкіндік береді.

«Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды көбейту жоспары бар, жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-ға жеткенде инфекциялық төсектердің резерві 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайтылды, резервтік объектілер тартылатын болады, бұл ретте жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасатын болады», - деді ДСМ басшысы.