Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереженің талаптарына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, мемлекеттік қызметшілерді және азаматтарды қабылдау кестесі мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурсы порталына орналастырылып, аудан әкімдігі ғимаратының көрнекі жерінде 2 тілде ілінді. Аудандық басылымының 05.02.2021 жылғы №8582 нөмірінде жарияланды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру, Әдеп Кодексі және ағымдағы заңнама талаптарын бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен, мекеме басшыларымен аппараттық кеңестер өткізілді.
2 ауылдық округі әкімі аппаратына, 4 дербес бөлімге жұмыс іссапары жасалды. Семинарлар өткізіліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған мемлекеттік қызметшілерге консультативтік кеңес берілді. Семинардан кейін жеке қабылдау өткізілетіні туралы қатысушыларға хабарлама жасалды. Мемлекеттік органдардағы моральдық-психологиялық жағдай зерделеніп, қорытындысы бойынша мекеме басшыларына тиісті ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы хат жолданды.
Бүгінгі күнге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын бұзу фактісі тіркелмеген. БАҚ-да және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жүйелердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілуде. Жағымсыз фактілер анықталмаған.
Ағымдағы жылдың 12-наурызы күні ZOOM арқылы барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге Әдеп Кодексі және ағымдағы заңнама талаптарын сақтау бойынша «Консультация күні» өткізілді. Мемлекеттік мекеме басшыларына қызметтік автокөліктердің қызметтік мақсатта ғана пайдалану туралы ескертілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мақала және бейнесюжет мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурсы порталына орналастырылды.
2021 жылға бекітілген жоспарда белгіленген іс-шаралардың орындалуы бақылауда ұсталуда.
Күршім ауданы әкімінің орынбасары,
әдеп жөніндегі уәкіл Е.Шораяқов