Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 4 наурыз күні аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйел бақыты-қоғам айнасы» тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып, халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тағылымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - қоғамдағы әйелдердің рөлін асқақтата отырып, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Ұлттық тәрбиенің құндылықтарын насихаттап, аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Салтанатты шараға ұзақ жылдар аудандық мұражайдың меңгерушісі қызметін атқарып, 20 жылдай әйелдер кеңесінің төрайымы болған зейнеткер, қоғам белсендісі, еңбек ардагері Н.Д.Қалитова, Күршім ауылдық округінен көп балалы аяулы ана, зейнеткер ұстаз М.Қ. Теміреева, Сарыөлең ауылдық округінен дүниеге үшім әкеліп, бала тәрбиесінде отырған көп балалы алтын құрсақты ана, ардақты ұстаз М.Күнкен, Құйған ауылдық округінен көп балалы ардақты ана А.М. Слямова, Абай ауылдық округінен ұзақ жылдар денсаулық саласында жұмыс атқарып, адам өмірінің арашашысы болған зейнеткер медбике, ардақты ана Қ.Ә.Бахтиярова, Күршім ауылдық округінен жеке кәсіпкер, аудандық іскер әйелдер клубының төрайымы, қоғам белсендісі Л.Қ. Құмарова, Қаратоғай ауылдық округінен «Жанасыл» шаруа қожалығының дамуына зор үлес қосып отырған кәсіпкер, аяулы ана Қ.Б Баймуханбетова құрметті қонақ болып шақырылды. Күршім ауданының маслихат хатшысы М.Ж. Қалелов салтанатты шара иелерін құттықтап, аудан әкімі Д.З.Қажановтың Алғыс хатымен марапаттады. Дөңгелек үстел кеңес мүшелерінің әсем әнімен, қонақтардың тағылымды толғаныстарымен, тұжырымды ойларымен жалғасты. Шара соңында құрметті қонақтарға сый-сыяпаттар үлестірілді.