Автокөлітердегі өрт қауіпсіздігі

Автокөлітердегі өрт қауіпсіздігі

Көліктің кез-келген түріндегі өрт күтпеген жерден пайда болуы мүмкін және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Көлік құралын міндетті техникалық байқау процесінде автомобильдің жай-күйі бақыланады, бірақ электр жабдығы мен отын жүйесін тексеру жүзеге асырылмайды. Дегенмен, автокөліктегі өрттің негізгі себептері: қозғалтқыштың электр өткізгіштерінің / электр агрегаттарының қысқаша тұйықталуы, отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу шамымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін киізбен жылыту), отын құбырының үзілуі немесе ақауы болып табылады. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.

Автокөлік иелері нені есте сақтауы керек:

- әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.

-  автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;

- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.

Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:

  • Көлікті тоқтатыңыз;
  • Қозғалтқышты өшіріңіз;
  • Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпаңыз;
  • Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
  • Өртке қарсы қызметке «101»телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
  • Егер қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз;

Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!

Күршім ауданының төтенше жағдай бөлімі