2021 жылдың 17 ақпаны күні аудан әкімі Д.Қажанов Маралды, Абай, Сарыөлең ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен болып қайтты. Кездесу барысында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, әртүрлі сұрақтар бойынша ауыл тұрғындарына қабылдау өткізді. Жоғарғы аталған ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылға жоспар-тапсырмаларының орындалуы, көктемдегі су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстары туралы ақпараттарын тыңдап қосымша тапсырмалар берілді.