Іс-сапар барысымен

Іс-сапар барысымен

2021 жылдың 16 ақпаны күні аудан әкімі Д.Қажанов Ақбұлақ, Қалғұты, Балықшы ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен болып қайтты. Кездесу барысында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, әртүрлі сұрақтар бойынша ауыл тұрғындарына қабылдау өткізді. Жоғарғы аталған ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылға жоспар-тапсырмаларының орындалуы, көктемдегі су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстары туралы ақпараттарын тыңдап қосымша тапсырмалар берілді.