Жетінші шақырылымдағы Күршім аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы хабарлама

Жетінші шақырылымдағы Күршім аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда біртұтас сайлау округінің аумағында Күршім аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 17962 азамат енгізілді, соның ішінде сайлау бюллетеньдерін 17324 адам немесе 96,4 пайыз алды.

Дауыс беруге 17324 адам қатысты, соның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер – 59, дауыс беру үй-жайларынан тыс дауыс бергендер – 722.

Сайлауға төрт саяси партия қатысты.

Күршім ауданы бойынша

«Nur Otan» партиясы - 81,8 пайыз;

«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы - 9,17 пайыз;

«Ак жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,9 пайыз;

«ADAL» саяси партиясы - 0,01 пайыз.

1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан жеті және одан көп пайыз сайлаушылар дауысын жинаалған саяси партияларды анықтау:

«Nur Otan» партиясы - 81,8 %;

«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы – 9,17 %;

«Ак жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 8,9 %;

«ADAL» саяси партиясы - 0,01 %.

2. Саяси партиялар үшін келесі депутаттық мандаттар бекітілсін:

«Nur Otan» партиясы – 9 мандат;

«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат;

«Ак жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1 мандат.

Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы