Күршім ауданының тұрғындарының назарына!

Күршім ауданының тұрғындарының назарына!

«Күршім-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қазір елімізде пандемияның ахуалының күрделі болуына байланысты ауруханалар мен дәріханалардағы жағдайларды қоғамдық бақылауға алуда.
Қазіргі таңда Covid-19 короновирустық инфекциясымен күресте қабылданып жатқан шаралар мен дәрі-дәрмектер бағасының шекті бағадан аспауы, ауданымыздың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша мониторингтік жұмыстар жобалық кеңсенің басты назарында.
«Күршім-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басты мақсаты халыққа медициналық көмек көрсетуде ашықтықты және олардың баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
2020 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша:
Күршім ауданының аудандық ауруханасындағы төсек саны 60.
6 емделуші ем алуда. Толтырылу көрсеткіші 10 пайызды құрайды.