Гуманитарлық  көмек

Гуманитарлық  көмек

Елімізде  короновирустық  инфекцияның таралуына  байланысты Қытай халық Республикасы үкіметінен  келген гуманитарлық көмек (4 дана ИВЛ аппараты) Күршім ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Күршім-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жауапты тұлғасы Б.Нурумова  Күршім ауданының аудандық ауруханасына келген 4 дана ИВЛ аппаратына бақылау жасады.

Өздеріңіз білетіндей, облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына келіп түскен гуманитарлық  көмекті  қабылдау және бөлудің  негізділігін  бақылау  кезінде ашықтықты қамтамасыз  ету мақсатында  мониторинг Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа  қарсы қызмет департаментінің  превенция және парасаттылық басқармасы  мен   «Шығыс –Адалдық алаңы» және  «Күршім-Адалдық алаңы»  жобалық кеңселерінің қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылды.