Әлеуметтік  маңызы  бар  өнімдер  бағасы   қоғамдық бақылауда!

Әлеуметтік  маңызы  бар  өнімдер  бағасы   қоғамдық бақылауда!

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  қараша айына берген  жоспарына сәйкес,  ағымдағы  жылдың 20 қарашасында  «Күршім –Адалдық  алаңы» жобалық кеңсесі, Күршім аудандық мәслихат шатшысы, №9 Марқакөл сайлау округінің депутаты Л.Кемешева  мен  Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының маманы  А.Болысова Марқакөл ауылындағы  ЖК «Жанар», «Сұлтан», «Мирас», «Аружан», «Роза»  азық-түлік дүкендеріне әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің бағаларына және сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Мониторинг  барысында  әлеуметтік  маңызы  бар азық-түлік құны мен қол жетімділігі тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.