🗓Ағымдағы жылдың 17 қараша күні «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» атты акциясы аясында «Күршім жастар орталығының» мамандары, SMM бөлімінің қызметкерлерімен бірге аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔴Осы іс-шара барысында тұрғындарға сыбайлас жемқорлық фактісімен соқтығысу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша түсіндірмелер берілді, 📞CALL-CENTER 1424 және аудан әкімінің ☎️8(72339) 21294 сенім телефоны байланыстары көрсетілген таратпа материалдар берілді.