Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы қоғамдық бақылауда!

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы қоғамдық бақылауда!

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  қараша айына берген жоспарына сәйкес,  ағымдағы  жылдың 18 қарашасында  «Күршім –Адалдық  алаңы» жобалық кеңсесі, №1 шығыс сайлау округінің  депутаты С.С.Кудедаева  мен кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімімен бірлесіп  Күршім ауылындағы  ЖК «Айғанат», «Шырын», Рахимов», «Береке», «Діңгек», «Арайлым» азық-түлік дүкендеріне әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің бағаларына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг  барысында  әлеуметтік  маңызы  бар азық-түлік құны мен қол жетімділігі тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.