Терек мамығы

Терек мамығы

Терек мамығы

Жаз мезгілінің басталуымен бірге терек мамығына байланысты өрт шығу қаупі артады. Терек мамығы өте тез тұтанады, тіпті кішкентай ұшқыннан немесе сөндірілмеген темекі тұқылынан өрт шығуы мүмкін. Соның салдарынан өрт қысқа уақыт ішінде үлкен аумаққа таралады.

Өрттің алдын алу мақсатында келесі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет:

  • терек мамығын өртеуге жол бермеу;
  • сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені тастамау;
  • тұрғын үйлердің, шаруашылық құрылыстардың және автокөліктердің маңында от жақпау;
  • аумақты жиналған мамық пен қоқыстан уақытылы тазарту;
  • балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Әсіресе аулаларда, автотұрақтарда, балалар алаңдарында және гараждардың маңында өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.

Өрт оқиғасы орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.

Күршім ауданының ТЖБ