2026 жылы 18 ақпанда Күршім ауданының Мансап орталығының мамандары ауданымызға Қытай Халық Республикасынан қоныс аударуға ниетті қандастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдық елді мекендерді аралатып, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары мен ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2026 жылы қандастарға квотаға қатысуы үшін қазақ тілін білуі шарт. Тілдік деңгейін бағалау үшін тестен және сауалнамалардан өтуі міндетті.