Адамдар жаппай жиналатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі
Адамдар жаппай жиналатын объектілер өрт шығу қаупі жоғары санатқа жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі талаптарына сәйкес, объекті басшылары өрт дабылы жүйесінің жарамды болуын, өрт сөндіру құралдарының болуын, эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуын қамтамасыз етіп, қызметкерлерге нұсқаулық жүргізуге міндетті.
Эвакуация жолдарын жабуға, ақаулы электр құралдарын пайдалануға және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға жол берілмейді.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарлап, адамдарды эвакуациялау және мүмкіндігінше бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану қажет.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – адам өмірін сақтаудың басты кепілі.
Күршім ауданының ТЖБ