Шемонаиха ауданының ХҚКО азаматтарға алдын ала электрондық жазылу арқылы қызмет көрсететін болады

Шемонаиха ауданының ХҚКО азаматтарға алдын ала электрондық жазылу арқылы қызмет көрсететін болады

Шемонаиха ауданының ХҚКО азаматтарға алдын ала электрондық жазылу арқылы қызмет көрсететін болады

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы  электрондық кезек талонын алдын ала брондау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды.  Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Шемонаиха ауданының халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінде жүзеге асырылады.

Жаңа сервис азаматтарға келу күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондау жасалғаннан кейін өтініш берушіге растау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Айрықша жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған кезде қарт адамдарға, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ шетел азаматтарына арналған бір жұмыс орны қарастырылған.

Сондай-ақ, «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімділік ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін жүзеге асырылатынын еске саламыз (App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).

Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда функционалды кеңейту алдында жетілдірулер енгізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық режим аясында алдын ала брондау жүйесінің сұранысы мен тиімділігіне бағалау жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша сервисті одан әрі енгізу және оның функционалын кеңейту орындылығы туралы шешім қабылданады.