Тұрғын үйдегі түнгі өрт қауіпсіздігі
Түнде өрт аса қауіпті, себебі адамдар ұйқыда болады және түтін иісін дер кезінде сезбеуі мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін төмендегі ережелерді сақтаңыз:
Ұйықтар алдында міндетті түрде:
• Электр құралдарын (үтік, жылытқыш, шәйнек, зарядтағыш) сөндіріңіз
• Газ плитасы мен пештің өшірулі екеніне көз жеткізіңіз
• Шамадан тыс жүктелген ұзартқыштарды пайдаланбаңыз
• Ашық от көздерін (шам, майшам) қалдырмаңыз
Есіңізде болсын: Өрттің алдын алу – өз қолыңызда! Қауіпсіз түн – тыныш өмір кепілі.
Күршім ауданының ТЖБ