Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру мақсатында жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда.
Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, мал шаруашылығын дамытуға, құс өсіруге, туризмді және өзге де кәсіпкерлік бағыттарды дамытуға қолдау көрсетеді.
Шағын несие беру шарттары:
Шағын несие мөлшері:
(бұрын алынған шағын несие толық өтелген және бастапқы қарыз мерзімінің жартысы өткен жағдайда).
Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды.
Негізгі борыш бойынша 12 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған.
Кепілмен қамтамасыз ету міндетті.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, жобалар жаңа жұмыс орындарын құруды көздеуі және ауылдық округтерді дамытудың басым бағыттарына сай болуы тиіс.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы өңір тұрғындарына өз кәсібін бастауға және дамытуға нақты мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ
Несиелеу департаменті
Тел.: 8 (7232) 74-04-78, 8 705 120 53 67
Өтінімдер мен құжаттарды қабылдау:
Өскемен қаласы, М. Әуезов даңғылы, 26/1
«Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС
Сондай-ақ, amanatnesie.kz платформасы арқылы онлайн форматта қабылданады.