
Су тасқыны қаупі кезеңіндегі іс-қимыл алгоритмі
Көктемгі су тасқыны кезеңінде тұрғындар алдын ала дайындық шараларын жүргізуі қажет. Маңызды құжаттарды және қажетті заттарды су өтпейтін қапқа салып қою, ауызсу мен азық-түлік қорын дайындау, үйдің жертөлесі мен су ағатын арықтарын тексеру ұсынылады.
Ескерту хабарламасы түскен жағдайда ресми ақпарат көздерін қадағалап, электр қуаты мен газды ажырату, эвакуацияға дайын болу қажет.
Су басу кезінде төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын қатаң сақтау, су ағынын кесіп өтпеу және қауіпті аймақтарға жақындамау керек. Осы талаптарды орындау адам өмірі мен мүлкін сақтауға көмектеседі.
Күршім ауданының ТЖБ