Жылыту маусымындағы иіс газы: сақтық шаралары

Жылыту маусымындағы иіс газы: сақтық шаралары

Жылыту маусымындағы иіс газы: сақтық шаралары

 

Жылыту маусымы басталған кезде иіс газынан улану қаупі артады. Бұл кезеңде пештер, газ қазандықтары және түрлі жылыту құралдары жиі қолданылады. Оларды дұрыс пайдаланбау немесе ақауы бар жабдықтарды қолдану нәтижесінде иіс газы жиналып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Иіс газы — түссіз, иіссіз, адамға байқалмайтын қауіпті газ.

Уланудың негізгі себептері — мұржаның бітелуі, тартудың болмауы, желдетудің жеткіліксіздігі, пеш жапқышын ерте жабу және газ құрылғыларының ақауы.

Уланудың алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну. Мұндай жағдайда дереу таза ауаға шығып, 103 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.

Қауіптің алдын алу үшін жылыту құралдарын уақтылы тексеріп, мұржаларды тазалап, үй-жайды желдетіп отыру және иіс газының датчиктерін орнату ұсынылады. Қауіпсіздік талаптарын сақтау — өмір мен денсаулықты қорғаудың басты кепілі.

 

Күршім ауданының ТЖБ