Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі.

Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:    Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі.

Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: 

 

Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты үш қылмыс түрі қарастырылған:

- пара алу (366-бап);

- пара беру (367-бап);

- парақорлыққа делдал болу (368-бап).

Егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші) болады.

Парақорлыққа делдал болуы да мүмкін.

Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.

Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.

Парақорлыққа делдал болу – яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізу немесе оны іске асыруға ықпал ету.

 

Егер де Сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, 1424 нөмірге хабарласыңыз!

 

Күршім ауданының ТЖБ