«Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

«Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

2020 жылдың 26 қазан - 1 қараша күндері аралығында Күршім ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі
Қазақстан Республикасының сотталғандардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу мақсатында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 26 қазан - 1 қараша күндері аралығында Күршім ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жоспарланған.
Осы мақсатта Күршім аудандық полиция бөлім Жергілікті полиция қызметі және Күршім аудандық №1 пробация қызметі тарапынан жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, Күршім аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% тексеру, қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, әкімшілік құқық бұзушылықтар фактілерін, оның ішінде көшелерде және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу не мас күйде болу фактілерін анықтау, басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралдарын, оның ішінде мас күйінде басқару фактілерін жолын кесу, отбасы-тұрмыстық және рецидивтік құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарға ерекше назар аудара отырып сондай-ақ олардың тарапынан құқықбұзушылық және өзге де құқыққа қайшы келетін іс әрекеттердің алдын-алу жұмыстары жүргізілетін болады.
Осы жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде пробация есебінде тұрған азаматтардың тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылса ол азаматтарға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстыру мәселесі бойынша сотқа ұсыным енгізілетін болады.


Күршім аудандық №1 пробация қызметі бөлімше аға инспекторы
әділет капитаны Г.Е. Кусаинова