Жер сілкінісі кезінде өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін не істеу керек:

Жер сілкінісі кезінде өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін не істеу керек:

1. Сабыр сақтаңыз - үрей дұрыс әрекет етуге кедергі келтіреді;
2. Дүмпулер кезінде тұрған жеріңізде қалыңыз - сыртқа қарай жүгірмеңіз;
3. Қауіпсіз орын табыңыз - үстелдің астына немесе қабырғаға жақындаңыз, басыңызды қолдарыңызбен қорғаңыз;
4. Терезелерден аулақ болыңыз - әйнек сынып кетуі мүмкін;
5. Дүмпулер басылған соң - абайлап сыртқа шығыңыз, лифтті пайдаланбаңыз;
6. Сыртта болсаңыз - ғимараттардан, бағандардан және ағаштардан алысырақ тұрыңыз;
7. Көлікте болсаңыз - көпірлерден және құрылыстардан алыста тоқтап, көліктен шықпай отырыңыз;
8. Қайталама толқындарға дайын болыңыз - дәрі қобдишаңыз бен телефоныңызды қолжетімді жерде ұстаңыз.

Күршім ауданының ТЖБ