Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

 

Дауылды ескерту жарияланған жағдайда тәуекелге бармаңыз, елді мекен аумағынан шықпағаныңыз жөн.
Автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін «Қазавтожол» call-орталығынан 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Егер жолда келе жатып, автожолдың жабылуына тап болсаңыз, жақын маңдағы елді мекенге қайтыңыз.

Қыс мезгілінде ұзақ сапарға шығу алдында көлігіңізді алдын ала дайындаңыз: күрек, шам (фонарь), алғашқы көмек қобдишасы, жылы киім және жанар-жағармай қорыңызды ала шығыңыз.
Жолда қозғалғанда жол белгілеріне және шектеулерге назар аударыңыз.
Ұзақ сапар алдында ауа райы жағдайымен алдын ала танысып алыңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.