Жұқа мұз!

Жұқа мұз!

Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Күршім ауданы тұрғындарын, жәнеде балық аулаушыларды су айдындары мен өзендердегі мұздан сақтануға шақырады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі жылдың 4-мезгілінде судағы жазатайым оқиғалардың алдын-алып, халықты құлақтандыру жұмыстарын үздіксіз қадағалау болып табылады. Сондықтан мұздағы және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтер өткізіледі.
Мұздың қалыңдығын түсі бойынша анықтап білуге болады. Мысалы,Мұздың түсі сұр және кеуекті болған жағдайда ол қауіпті, себебі жылдам жарылып кетеді.ьАғысы қатты және үнемі қатты жел соғатын жерлерде, көпірлердің астында,қамыс және басқада су өсімдіктері өсетін тар арналарда мұз жұқа болады, ондай жерлерде қауіпсіздікті ұмытпай суға жоламауға тырысу керек.
Мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болған кезде мұз үстінде балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі 11 миллиметрден кем емес, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде жол беріледі. Егер ол көрсеткіштерден жұқа болса,мұзбен жүруге тиым салынады.
Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең көп тараған себептерінің бірі-алкагольді мас күйде болу болып саналады.Мас адамдар қауіп қатер кезінде және төтенше жағдайда өз өзін ұстауға дәрменсіз болады.
Ата-аналарға ескерту: Балаларды қараусыз су айдындары мен өзендерге жібермеңіздер!

Күршім ауданының ТЖБ