2014 жылғы 5 шілдедегі №235-v әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
647-бап Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзімде дәлелді себепсіз келмеуі не елді-мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзімге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзімге) келіп, келген жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
648-бап. Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару
649-Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдіру немесе жоғалту
Иесінің кінәсінан әскери билетті немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдіру немесе жою, сол сияқты әскери билетті немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын жоғалту – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
387-бап. Әскери қызметтен жалтару
1) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;
2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;
3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығының МУА капитан А. Шарипов